Алкоголь өнімін заңсыз өндіріп келген 3 жасырын цех анықталды

493

Цехтарда жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалсы, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алкоголь өнімін заңсыз өндіріп келген 3 жасырын цех анықталды

"Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азамат Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу