Биыл 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне алкоголь өніміне салынатын акциздерге қатысты бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Салық кодексінің 475-бабы 4-тармағына есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын алкоголь өніміне (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерінен басқа) акциз төлеу мерзімі бойынша өзгерістер енгізілген.
Осыған байланысты алкоголь өнімін өндірушілер есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өніміне акциз салығын өз таңдауы бойынша төмендегі мерзімнің бірінде төлеуі қажет:
- Есепке алу-бақылау таңбаларын алғанға дейін;
- Салық кодексінің 172-бабына сәйкес есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда акцизделетін тауарларды тиеп-жөнелту (беру) күніне дейін.
Сондай-ақ Салық кодексінің 172-бабының 7-14-тармақтарына енгізілген өзгерістеге сәйкес алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын тұлға, есепке алу-бақылау маркаларын мақсатты пайдалану туралы міндеттемелерді және есепті ұсынады.
"Салық кодексінің 463-бабының 4-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда алкоголь өнімі түрлерінің өзгеруі, атап айтқанда "шарап материалы" ұғымы "толысылған шарапқа", ал "сыра және сыра сусыны" ұғымы "сыра қайнату өнімімен" ауыстырылды", – деп жазылған хабарламада.
Бүгінде бұйрық жобасы мемлекеттік органдардың қарауында.