Алкогольді ішімдіктер бір айда тағы 1% -ға қымбаттады

821

Ең қымбат арақ - Нұр-Сұлтан мен Атырауда. 

Алкогольді ішімдіктер бір айда тағы 1% -ға қымбаттады

Елдегі ірі қалалар мен мегаполистермен салыстырғанда ішімдіктің бағасы Семейде арзан болып шықты, деп жазады energyprom.kz.

Қазақстанда қаңтар-сәуірде барлық негізгі санаттағы алкоголь өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеді. Яғни, арақ өндіру 1,1% -ға, 6,7 млн литрге, коньяк 4,6% -ға, 3,8 млн литрге, ликер және басқа да күшті алкогольдік сусындар 51,1% -ға, 281 мың литрге  дейін азайған.

Табиғи жүзім шарабын өндіру 30,1% -ға 14,6 млн литрге, сыра өндірісі 2,9% -ға, 194,5 млн литрге дейін азайды.

Инфляцияны ескере отырып, алкоголь өнімдерінің бөлшек саудадағы бағасы бір айда 0,8% -ға, ал жыл ішінде 5,9% -ға өсті.

Арақ пен сыра бір айда 0,8%, бір жылда  тиісінше 5,8% және 7,3%-ға қымбаттады. Ал шарап бағасы бір айда 0,5%-ға, бір жылда  4%-ға қымбаттаған.

Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында бір айда арақтың бағасы Қарағандыда едәуір жоғарылады: сәуірде литрі 3,8%-ға қымбаттап, 3,1 мың теңгеге дейін жетті. Одан кейінгі орындарда Петропавл (+ 2,5%) және Өскемен (+ 2,4%). Бір жыл ішінде арақтың айтарлықтай өсуі Павлодар (+ 28,3%) және Талдықорғанда (+ 11,6%) байқалды.

Арақтың бір литрінің орташа бағасы 3 мың теңге болса, ең жоғары баға Нұр-Сұлтан мен Атырауда тіркелді - 3,7 мың теңге. Одан кейінгі орындар - Ақтау мен Шымкент: 3,3 мың теңге. Семейдегі ең арзан арақ  литріне 2,5 мың теңгеден төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу