Алкоголі аз ішімдіктердің жарнамасына қайта рұқсат етілуі мүмкін

894

Алкоголі аз ішімдіктердің жарнамасына қайта рұқсат етілуі мүмкін

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин жарнама мәселелеріне арналған жаңа заң жобасында қандай өзгерістер болатынын баяндады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Телесауданың дамуына байланысты алкоголі аз ішімдіктердің жарнамасына рұқсат беру мәселесі қаралуда", – деп атап өтті вице-министр ҚР Парламенті Мәжілісінде болған дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, аталмыш заң аясында, бұдан да бөлек ауқымды мәселелер қамтылатын болады. Атап айтқанда, көлік сыртындағы жарнаманы жеңілдету, мәдени нысандарға ілінген жарнама үшін әкімшілік айыппұл қарастыру жайттары да қызу талқыланып жатыр. Талқылау барысында бірқатар қарама-қайшылықтар да табылған. Қазіргі уақытта бұл мәселелердің барлығы мүдделі тараптармен тиянақталуда.

"Маңызды қарама-қайшылықтар анықталды. Сыртқы жарнаманы ілуге берілетін рұқсатты автомобиль жолдары бойынша ұлттық оператор береді, үрдіс жүріп жатқанмен, заңда орналастыру және хабарламалар беру жөнінде ештеңе айтылмайды. Ол рұқсатты жарнама беруші мен жарнама орналастырушы алуы керек па, ол да анықталмаған. Көріп отырғаныңыздай, бүгінгі тәжірибе ала-құла болып отыр", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу