"Алла сақтасын!": Бас мүфти Түркістан облысындағы имамдардан ақша жинау дауына пікір білдірді

616

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапары кезінде жергілікті имамдардан ақша жинатты деген мәлімет туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Алла сақтасын!": Бас мүфти Түркістан облысындағы имамдардан ақша жинау дауына пікір білдірді Фото: muftyat.kz

"Ол мәселе бойынша қазір жұмыс жүріп жатыр. Арнайы комиссия барып, тексереді. Кейін соның қорытындысын жариялап айтамыз. Ол жөнінде Түркістан облысының бас имамы ақпарат беттерінде өзінің жауабын айтты. Дегенмен, біз мүфтияттан арнайы комиссия жіберіп, ол ақпараттың ақ қарасын анықтаймыз", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысынан кейін. 

Мүфти өз басы ешкімге іссапарға байланысты ақша жинау туралы нұсқау, тапсырма бермегенін айтады.

"Алла сақтасын! Ондай болмайды да, болмаған да", – деді ҚМДБ төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу