"Алладан сұраңыз": Бозымбаев елімізде су тасқыны қашан болатынын болжай алмайтынын айтты

358

Үкімет басшысының орынбасары су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді.

"Алладан сұраңыз": Бозымбаев елімізде су тасқыны қашан болатынын болжай алмайтынын айтты Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қазақстанда су тасқыны қашан болатынын білмейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір біз баспанасыз қалған адамдарды үймен қамтамасыз етеміз деп бар күш-жігерімізді соған жұмсап жатырмыз. Екіншіден, апатты алдын ала болжайтын жүйені жасауға назар аударып жатырмыз. 2 мәселені биыл қолға алып, тиісті министрліктерді қамтамасыз етіп, бәрін жасасақ, су тасқыны болса, келген шығын төмендеу болады", - деді Қанат Бозымбаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ, БАҚ өкілі "Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысын үйлестіретін адам ретінде сіз "келесі жылы елімізде осындай алапат су тасқыны болмайды" деп уәде бере аласыз ба?" деген сұрақ қойды.

Үкімет басшысының орынбасары сұрақтың жауабын бір Құдай білетінін айтты.

"Оны кім айтады? Алладан сұраңыз... Су тасқыны бола ма, болмай ма? Оны Алладан сұраңыз", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу