"Мен Құдайдың сынағынан өте алмадым…": Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

4376

 Ол өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, кінәламауды өтінеді. 

"Мен Құдайдың сынағынан өте алмадым…": Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты Фото: Jogargy_sot

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы "асқан қатыгездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен "қылмысты жасырып қалмақ болды" деп жауапқа тартылып отырған оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол алқа билерге жүгініп, олардың сотқа қатысуын өзі сұрағанын, Құдайға сенетінін, Салтанаттың өлім аузында жатқанын білмегенін айтады. Салтанаттың және өзінің туған-туыстарынан кешірім сұрайды. Өз туыстарының еш кінәсі жоқтығын айтып, кінәламауды өтінеді.

"Біз күн сайын Құдайдың сынағына түсеміз. Ең жоғары адамгершілік құндылықтар сынға түседі. Сол күні, яғни қарашаның 8-нен 9-ына қараған түні бұл сынақтан өте алмадым. Осы әрекетке барғаным үшін өкінемін. Менің ата-анам мен туыстарым еш кінәлі емес, бұл менің кінәм және тек менің жауапкершілігім", — деді сотталушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу