Аллергиясы бар адамға вакцина алуға болмайды деген пікір қате – дәрігер

891

Аллергия вакциналау кезінде қарсы көрсетім туындатпайды. Аллергологтар, иммунологтар мен иммунореабилитологтар қоғамының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы Тайыр Нұрпейісов осылай дейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аллергиясы бар адамға вакцина алуға болмайды деген пікір қате – дәрігер

Маманның айтуынша, аллергия жалпы вакциналауда да, оның ішінде COVID-19 індетіне қарсы екпеде де ешқандай қарсы көрсетім туындатпайды. Республикалық аллергиялық орталықтың мамандарының пікірі бұл ретте Еуропалық аллергологтар мен клиникалық иммунологтар академиясының (EAACI) халықаралық мәліметтерімен де сәйкес келіп тұрғанын атап өту керек. 

"Оған сәйкес, респираторлық, тамақтан келетін (оның ішінде тауық жұмыртқасынан), эпидермальды, инсектты аллергиялар, латекстен келетін, вакциналауға немесе инъекциялық дәрі-дәрмек препараттарымен байланысты аллергиялық реакциялар – COVID-19 індетіне қарсы вакциналау өткізуде қарсы көрсетім туындатпайды. Аллергиялық аурулардың өршуі вакциналау өткізуде тек уақытша қарсы көрсетім туындатуы мүмкін. Бақылауға алынған тыныс деміспесі де вакциналау кезінде қарсы көрсетім тудырмайды. Алайда вакциналау кезінде ауруды бақылау үшін өзіңізді емдейтін дәрігермен ақылдасып алған жөн", - дейді Тайыр Нұрпейісов,

Аян Бекенұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу