Аллергиясы бар азаматтарға екпе салынбайды

1550

Бұл туралы көпбейінді медициналық орталық директорының орынбасары Сәуле Атығаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Аллергиясы бар азаматтарға екпе салынбайды

Оның сөзінше, анафилактикалық шок немесе Квинке ісігі түрінде кездесетін ауыр аллергиялық реакция вакцинацияға қарсы көрсеткіш болып есептеледі.

"Вакцина компоненттерінің біріне аллергия болса, екпе салмауға болады. Сонымен бірге қандай да бір сырқаттың асқынуы кезінде вакцина алу қажет емес. Екпе алғысы келген әр адамға жеке назар аударылуы керек. Міндетті түрде учаскелік терапевт немесе жалпы практика дәрігері пациенттің ағзасында вакцинаға қарсы көрсеткіш бар-жоғын анықтау үшін оның медициналық картасын зерттеп, шешім шығарады", – деді көпбейінді медициналық орталық директорының орынбасары.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу