"Алло, рұқсат па?": Журналистер министрге жөнсіз сөзі үшін ескерту жасады

337

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров БАҚ өкілдерінен кешірім сұрады. 

"Алло, рұқсат па?": Журналистер министрге жөнсіз сөзі үшін ескерту жасады Фото: gov.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң журналист ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа ескерту жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Отырыстан кейін БАҚ өкілі министрге "Шегірткеден залал келмеді деп айттыңыз. Алайда сіздер ақбөкеннен келген шығынды есептей алмай отырсыздар..." деп өзекті мәселені көтерді.

Айдарбек Сапаров бұл мәселелерді бір-бірімен салыстыруға келмейтінін жеткізді.

"Шегіртке мен киіктерді салыстырмайықшы. Себебі, екеуі басқа. Әзірше шегірткеден шығын келген жоқ. Егер шығын келсе... Алло, бола ма?", - деді ведомство басшысы.

Журналист министрге ескерту жасады.

"Кешіріңіз, сіз неге өзіңізді олай ұстайсыз? Алло деген не?", - деді ол.

Ведомство басшысы кешірім сұрады.

"Мен өз адамдарыма айтып жатырмын. Сізге айтқан жоқпын. Кешірім сұраймын", - деді Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу