Allur қытайлық СМС компаниясымен келісімге қол қойды

930

Келісімнен кейін "Аллюр" компаниясы акциясының 51% пайызы СМС компаниясының иелігіне өтеді.

Allur қытайлық СМС компаниясымен келісімге қол қойды

"Сарыарқаавтопром" кәсіпорнының қазақстандық акционерлері шетелдік компаниямен қол қойылған келісімнің еліміздің көлік өндірісіне қосатын үлесі мол болатынына сенімді.

Қостанай облысында орналасқан кәсіпорын "Аллюр" тобына енетін өзге де серіктестіктер секілді келісімнен үлкен мүмкіндіктерге ие болмақ. Атап айтқанда, жаңа технологиялар енгізіліп, өндіріс кеңейеді әрі автомобильдердің жаңа модельдерін шығару қолға алынбақ.

"Аталған стратегияға сәйкес алдағы уақытта СМС компаниясы "Аллюр" компаниясының капиталына79 млн доллар қаржы құятын болады. Қолдау бүгіннің өзінде жасалып жатқанын байқап отырмыз. Мәселен, шамамен 50 млн доллар тауарлы несие түрінде берілді", – деді Қазақстанның Даму банкінің басқарушы директор Әділ Исмағанбетов.

Айта кетейік, акционерлік келісімге қол қойылған соң акциялардың 51%-ы "Аллюр" компаниясынан СМС компаниясына берілмек.

"Аллюр" өз өндірісінде өсім болатынын болжауда. Олардың қытайлық серіктестері Ресейге экспортты дамытпақшы. Облыстың басшылығы да ынтымақтастықтың аймақ экономикасына серпін беретініне сенеді.

"Автомобиль құрастыру аймағымыз үшін басым сала болып табылады. Аталған жобаны іске асыру көлік өнеркәсібінің облыс экономикасына ықпал арттырады", – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Қойшыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу