ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтанда ботаникалық бақ аумағында алма көшетін отырғызу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Мұнда алма ағашының белгілі сорттары – белоруссиялық синап, белоруссиялық таңқурай, алеся, имант, фридом, надзейн, сакавита және алма ағашының "Nur-Sultan" атты жаңа сорты бар. Олар аязға төзімді әрі ұзақ сақтауға болады.
Барлығы 1 га алқапқа биіктігі 1,2-1,5 метр 800 алма ағашы егілді. Алма бағы 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Ағаштарға күтім жасау үшін тамшылатып суғарудың заманауи жүйелері пайдаланылатын болады.
Барлығы көшет отырғызу рәсіміне 400-дей адам қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу