Алматы іргесіндегі Проходное шатқалындағы Алма-Арасан ыстық бұлақтары аймағында тас құлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиғаға куә болған демалушылардың бірі сол сәтті видеоға түсіріп, тас құлаған кезде душта болғанын, бірақ қашып үлгергенін айтады. Видеоға қарағанда, күрке конструкциясы мен киім ауыстыратын бөлме зақымдалған.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, оқиғадан кейін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары аумақты тексеруге шыққан.
"Тастың құлауы салдарынан күрке конструкциясы мен киім ауыстыратын бөлменің бір бөлігі зақымданған. Тексеріс барысында радон бұлағы орналасқан 31,8 гектар жер учаскесі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қоры жерлеріне жатпайтыны анықталды", - делінген ресми хабарламада.