2020 жылдың 21 қазанында сағат 5:46-да Алматы қаласы Төтенше жағдай департаментіне Алма-Арасан шатқалының эко-бекеттен жоғары жағында өрт шыққаны туралы хабарланды.
"Кірме жолдардың болмауына байланысты оқиға орнына жасақ жаяу көтерілген. Таудың бас жағындағы 1,5 гектар алаңда қураған ағаштар мен шыршалар өртенген. Өрт "Ермак" аспалы жылжымалы өрт сөндіргіші және қарапайым аспаптармен сөндірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде шатқалдың оңтүстік-шығыс және батыс жағында өрт сағат 08:02-де, ал солтүстік жағында сағат 08:31-де оқшауланды. Өртті сөндіруге Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, Қазавиаорманкүзетінен 71 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды", – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарына барған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.