Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Не өзгереді?
- Көпірлер қайта жөнделеді;
- Жаңа баспалдақтар орнатылады;
- Соқпақ жолдар көркейтіліп, жаяу жүргіншіге арналған тақтай жолдар мен демалыс аймақтары салынады;
- Туристер қауіпсіздігі үшін тау бөктері нығайтылып, анкерлік жүйелер мен металл торлар орнатылады.
Жұмыс кезеңіндегі уақытша шектеулер:
- 13 мамыр-3 маусым аралығында – радон бұлағына жол жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жабық.
- 3 маусым-3 шілде аралығында – бағыт жұмыс күндері толықтай жабылады.
- Демалыс күндері маршрут ашық болады, бірақ кейбір аймақта шектеу сақталады.
"Жұмыстардың толық аяқталуы – 2025 жылғы 31 шілдеге жоспарланған. Серуенді жоспарлағанда уақытша шектеуді ескерулеріңізді сұраймыз. Жаңартылған ақпаратты ресми хабарламалардан бақылап отырыңыздар", – делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу