Ол қаланың мол өнімін және мәдени алуандығын бейнелейтін мереке ретінде Тұңғыш Президент саябағында өтіп жатыр. Фестивальге Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.
Әдеттегідей саябақ аумағы ауқымды егін мерекесі мен ұлттық дәстүрлер алаңына айналды. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер бұйымдарының базары, гастрономиялық алаңдар, спорттық жарыстар және түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 50 фермер шамамен 100 тонна алма әкелді. Күні бойы фестивальді 100 мыңға жуық адам тамашалайды деп күтілуде.
Alma Fest-2025 – Алматының музыка, дәстүр, гастрономия және отбасылық демалысты бір арнаға тоғыстырған күздің ең жарқын оқиғаларының біріне айналмақ.