Alma Fest: Алматыда қала күніне орай 100 тонна алма жеткізіледі

251

Биыл да қала күніне орай Тұңғыш Президент саябағында Alma Fest фестивалі өтеді.  

Alma Fest: Алматыда қала күніне орай 100 тонна алма жеткізіледі Фото: vecher.kz

Фестивальге алма бақтарынан 100 тонна алма жеткізіледі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Фестивальде аты аңызға айналған әншілер мен заманауи әртістер өнер көрсетеді. Олардың қатарында – "Дос-Мұқасан", Карина Абдуллина, Turar, Astra және Royals Band сынды топтармен өнер иелері бар.

Дәстүрлі жәрмеңкеде 100 тоннадан астам алма, оның ішінде аңызға айналған апорт пен сирек сорттар сатылады.

Балалар аймағында батуттар, ойындар, шығармашылық шеберлік сабақтары мен шатырлы цирктің шоуы өтеді. Крафт-жәрмеңкесінде табиғи өнімдер мен қолдан жасалған дәмді тағамдар әзірленеді.

Қаланың үздік шығармашылық ұжымдары театрландырылған қойылымдар ұйымдастырып, көпшілікке этно шеберлік сабақтарын өтеді. Виртуалды аймақтар жасақталып, отбасылық спортқа арналған шаралар өткізіледі.

"Alma Fest – бұл мәдени дәстүрлер мен заманауи қаланың ырғағын біріктіріп, шабыт, шығармашылық және отбасылық демалыс үшін орта құратын ерекше оқиға", – делінген баспасөз хабарламасында.

Негізгі шаралар 21 қыркүйек күні таңғы 10-да басталып, кешкі 21:00-ге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу