Алмас Әділ Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды

693

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Алмас Қабдулұлы Әділ Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Жетісу облысының әкімдігіне сілтеме жасап  .

Алмас Әділ Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды

Алмас Қабдулұлы Әділ 1980 жылы туған. Жоғары білімі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "халықаралық құқық", "Жетісу" институтын "қаржы" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Қайнар" АҚ-да кеңесші заңгер болып бастады. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және "Казкоммерцбанктің" Талдықорғандағы филиалдарында заңгер, "Таникеев М.А." ЖК директоры, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы, аппарат басшысы, қала әкімінің орынбасары, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2016 жылдың шілдесінен Көксу ауданының әкімі болды.

Бұған дейін, Жетісу облысы әкімінің өкімімен Батыр Қайыркенұлы Молдахметов өз өтініші бойынша Текелі қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу