Әнші Алмас Кішкенбаев қамалды

Қазақстандық әнші оған қоса айыппұл да төлейді. 

Әнші Алмас Кішкенбаев қамалды Фото: @a.kishkenbaev

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өнерпазға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі жабық түрде қарады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша оған 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы қаралады.

Сот оның мас күйінде осындай әрекеттерді жасағанын анықтады.

Сотта өнерпаз жағдайдың мән-жайы есінде жоқ екенін айтқан. 

– Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды, – деп хабарлады соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу