Алмас Сәдубаев: Ешкім аштық жариялаған жоқ

838

Алмас Сәдубаев: Ешкім аштық жариялаған жоқ

Алматы қаласындағы ЛА-155/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер аштық жариялаған жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ағымдағы жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/1 мекемесінде тергеу үшін тұтқынға алынған азаматшасы қамауда ұстау режимін  бірнеше мәрте бұзғаны үшін тәртіптік оқшаулағышқа қамалған. Онымен бұған дейін камерада бірге болған үш адам, оның ішінде жүкті әйел наразылық ретінде өздеріне жеңіл-желпі дене жарақатын салған. Ешкім аштық жариялаған жоқ, қан тамырын кеспеді", - деді ол.

Оның айтуынша, Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының, прокуратура органы өкілдерінің, медицина қызметкерлерінің қатысуымен жоғарыда аталған әйелдер тексеріліп, олардың денесінен жарақат табылмаған.

"Аталған факті бойынша ІІМ қызметтік тексеру жүргізуде", - деді Алмас Сәдубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу