Алмас Сәдубаев жылдам пайда табуды ұсынған ұйымдардан аулақ болуға шақырды

708

 Алмас Сәдубаев жылдам пайда табуды ұсынған ұйымдардан аулақ болуға шақырды

ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Сәдубаев қазақстандықтарды аз ғана уақыт ішінде көп қаражат табуға уәде беретін ұйымдарға сенбеуге шақырады. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.

Оның мәліметінше, 2016 жылы қаржы пирамидасын құру және оны басқару бойынша 350 қылмыстық іс қозғалған болса, биылғы төрт айда-ақ мұндай істер саны 351-ге жеткен. Ал алаяқтардың алдауынан он мыңдаған қазақстандық зардап шеккен. Осылайша, Қызылорда облысында Questra Holdings Inc. шетелдік компаниясының қылмыстық әрекеті әшкереленді. Оның қызметкерлері компания есебіне 30 мың теңге аударған адамдарға жарты жылда 40 мың теңге қылып қайтарамыз деп алдаған.  

Мұның алдында Астанада алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. "Респект" ЖШС-ның директоры К.Ж.Ибраев компания BANK OF KINGDOM ұлыбританиялық банкімен келісімге отырып, 1000 еуро көлемінде кепілсіз кредит берумен айналысады деп елді алдаған. Ол адамдармен кредит алу бойынша келісімшарт жасасып, 75 мыңнан 7 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем жинап, ізім-ғайым жоқ болған. Алданған азаматтар саны мыңнан асқан. Қылмыстық істі тергеу қорытындысы бойынша Ибраев 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

"Осыған байланысты ішкі істер органдары азаматтарға абай болып, жылдам пайда табуды ұсынған ұйымдардан аулақ болуға шақырады", - деп жазды Сәдубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу