Алмасадам Сәтқалиев Тәуелсіздік күні және Энергетиктер күнімен құттықтады

378

Министр еліміз үшін сенімді және тұрақты энергетикалық жүйені қамтамасыз ету маңызды басымдықтардың бірі болып табылатынын атап өтті.  

Алмасадам Сәтқалиев Тәуелсіздік күні және Энергетиктер күнімен құттықтады Фото: ҚР ЭМ

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні және Энергетиктер күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті әріптестер, энергетика саласының қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен және кәсіби мерекеміз Энергетика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміз талай қиын-қыстау жолдардан жүріп өтіп, бүгінде әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысына айналды.

Біз өз мұрамызды, мәдени байлығымызды және әртүрлі саладағы жетістіктерімізді мақтан етеміз.

Біздің еліміз үшін сенімді және тұрақты энергетикалық жүйені қамтамасыз ету маңызды басымдықтардың бірі болып табылады.

Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергияны өндіру, тасымалдау және таратудағы экономикамыздың дамуына ықпал ететін өлшеусіз еңбектеріңіз құрмет пен алғысқа лайықты.

Әрқайсымыз Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызды мақтан тұтамыз. Отанымыз әрқашан өркендеп, гүлдене берсін!

Сіздерге зор денсаулық, күш-қуат, шабыт, қажырлы еңбектеріңізге қажымас қайрат тілеймін. Күн сайын жаңа жетістіктер мен ең батыл және озық идеяларды жүзеге асырудағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.

Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер! Еліміздің Тәуелсіздігі мәңгілік, өміріміз бақытты да табысты болсын!", - деп жазылған құттықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу