Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы А. Садырбайдың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Негізгі мақсат – ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды.
Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды.
Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.
А.Садырбай ұсталды. Ал оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.