Грек-рим күресінен жақында ғана Азия чемпионы атанған Алмат Кебіспаев Халықаралық күрес ұйымының жаңартылған рейтингінің көшін бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
Азияның екі дүркін жеңімпазы атанған Алмат Кебіспаев 67 келі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте көш бастады. Отандасымыз "Тахти Кубогы" мен Азия чемпионатындағы жеңісінен кейін, 42 ұпай жинап, 67 келіде әлемні ең үздік балуаны болып тұр. Ал Рио Олимпиадасының чемпионы кубалық Исмаел Борреро екінші орынға жайғасқан. Азия чемпионатының ақтық сынында Кебіспаевқа есе жіберген жапон балуаны Шимойамада үздік үштікке ілінген.
Айта кетейік, Алмат Кебіспаев Бішкекте өткен Азия чемпионатында 67 келіде қарсыластарын қоғадай жапырып, екінші мәрте Азияның ең үздік балуаны атанды. Сондай-ақ бұған дейін отандасымыз 60 келі салмақта сынға түсіп жүрді.