АлмаТВ-ның акционері банкрот деп танылды

780

АлмаТВ-ның акционері банкрот деп танылды

Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған арнайы соты  АлмаТВ-ның акционері – Asset Invest-ті банкрот деп таныды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап LS хабарлайды.

Соттың баспасөз қызметінің түсіндіруінше, RBK Bank-тің проблемалық кредиттерін басқаратын DSFK арнайы қаржы компаниясы Asset Invest-ті банкрот деп тану жөнінде арыз берген.  Ақпаратқа сай,  Asset Invest-тің банкке қарызы 22 млрд теңгеден асады.

"Сот отырысының қорытындысы бойынша судья Арман Тұрғынбаев Asset Invest-ті банкрот деп тану жөнінде шешім шығарды.  Сондай-ақ компанияны таратып, барлық филиалын  тіркеу есебінен шығару жөнінде, борышкердің мүлкі мен істі басқару құқығы уақытша басқарушы Оспанбековке берілсін деген шешім қабылданды", ­ ­­- деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін авторлық құқықты бұзғаны үшін АлмаТВ мүлкіне 2,2 млрд теңге көлемінде бұғат салынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу