Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау жолдары ақылы болады

1046

Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау жолдары ақылы болады

Елімізде Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау жол учаскелері ақылы болмақшы. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның 2016 жылды қорытындылау есебінде мәлім етті.

Кәсіпорнының мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылдың екінші жартыжылдығында Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау  жол учаскелеріне ақылы жүйе енгізілмекші.

Бұған дейін хабарланғанындай, еліміз ақылы жолдардан  41 млрд пайда таппақ.  2020 жылға қарай ақылы жолдардың ұзақтығы 6,98 мың шақырымға жетеді. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің тас жолдары, Астана – Атбасар, Алматы – Қапшағай, Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы бағыты) жол учаскелері ақылы болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу