"Алматы-2 – Маңғыстау", "Нұр-Сұлтан – Арқалық" бағыттарына Тальго пойызы жүреді

1041

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго пойыздарын екі бағыт бойынша іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы-2 – Маңғыстау", "Нұр-Сұлтан – Арқалық" бағыттарына Тальго пойызы жүреді

2021 жылғы 12 желтоқсаннан бастап енгізілген жолаушылар пойыздары қозғалысының жаңа кестесіне сәйкес "Жолаушылар тасымалы" АҚ Тальго пойыздарын екі бағыт бойынша іске қосты. 

Сонымен Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясынан №603 "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Арқалық" жолаушылар пойызы алғашқы рейске шықты. Маршруттың қашықтығы – 609 км, пойыздың жалпы жүру уақыты 12 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз екі құрамнан құралған және күн сайын қатынайтын болады. Олардың әрқайсысында 348 орындық "Турист" класты, 2 "Бизнес" класты, 1 "Гранд" класты, 1 "Гранд PMR"  класты (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін) вагондары, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана бар.

Тальго вагондарынан құрастырылған екінші №111 пойызы "Алматы-2 – Маңғыстау" бағыты бойынша іске қосылды. Пойыздың жалпы жүру уақыты 41 сағат 49 минутты құрайды. Ол екі құрамнан тұрады және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық "Турист" класты вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2021-2022 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының жаңа кестесі бойынша Қазақстан ішінде 118 жұп пойыз жүре бастады. Оның ішінде 95 жұп пойыз "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға (оның ішінде қала маңындағы тасымалдарды қоса алғанда – 61), сондай-ақ 23 жұп пойыз жеке тасымалдаушыларға тиесілі. 

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық нақты ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу