"Ақтөбе – Орал" бағыты бойынша №505/506 біржолғы пойыз тағайындалды, ол стандартты вагондардан құралған.
"Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құны толық қайтарылады. Стандартты вагондардан құрылған пойызбен сапарға шығатын жолаушыларға билет құнының айырмасы төленеді", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. "Қазақстан темір жолы" "Алматы-2 – Петропавл" жолаушылар пойызының қозғалысы өзгергенін мәлімдеген болатын.
Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "Тальго" пойыздарының тоқтауына қатысты пікір білдірді.
"Тальго" пойызы біздің талап бойынша қосымша техникалық байқаудан өтуі керек. Сонымен қатар, бұл пойыздың жылдамдығы басқа деңгейде болғандықтан, егжей-тегжейлі тексеруді қажет етеді. Егер ауа райына байланысты немесе кейбір техникалық кідірістерге байланысты "Тальго" белгіленген уақыт аралығында жүріп үлгермейтін болса және кешігіп жатса, онда жағдай түзелгенше тиісті шешімдер қабылданады. Менің ойымша, бұл мәселе бірнеше күнде шешіледі. Себебі, техникалық тексеру тез арада аяқталуы керек. Егер бәрі дұрыс болса, аталған пойыздардың қозғалысы қалпына келеді", - деді Қ.Өскенбаев.
Сондай-ақ, Астана-Шымкент арасында қатынайтын "Тальго" пойызы бір күнге тоқтайды.