Өрт сағат 14:30-да өрт оқшауланып, сағат 14:50-де өрт толық сөндірілді.
Пойыздардың кешігуі болған жоқ, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
"29 қараша күні сағат 14:08-де Алматы қаласы Жетісу ауданы Абылайхан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзалының ғимараты, атап айтқанда вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері - жеке құрамнан 43 адам және 14 техника жұмыс істеп жатыр. 100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағашы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шығып кетті, ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.