Алматы 200-ден аса егу пункті ашылды

841

Онда арнайы оқытылған 900-ден аса ерікті-медицина қызметкері көмек көрсетуде. 

Алматы 200-ден аса егу пункті ашылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Алматы қаласында жаппай вакциналау жүргізетін еріктілер мен шақырылған мамандар штабының үйлестірушісі Жәнібек Солтанай айтты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Алматының танымал қоғамдық орындарында 200-ден аса егу пункті ашылған. Олар 74 қалалық емханалар базасында, сондай-ақ, мәдениет нысандарының, сауда, ойын-сауық орталықтары, базарлар мен мектептердің базасында орналасқан. Вакцина салдыруға келгендерге медициналық жоғары оқу орындары, колледждер мен оқытушылардан 975 ерікті кәсіби дәрігер мен медбике көмек көрсетуде. Олардың бәрі Алматы жоғары медициналық колледжі мен Қоғамдық денсаулық сақтаудың  Жоғары мектебі және Колумбия университеті жанындағы ICAP ұйымы ұйымдастырған арнайы оқу курстарынан өтті", - деді Жәнібек Солтанай. 

Спикердің айтуынша, оқу үш кезеңнен тұрған: бірінші кезең – теориялық курс, ZOOM платформасы арқылы өткен. Екінші кезең – практикалық, студенттер мен оқытушылар егу пункттерінде оқыған және үшінші қорытынды кезең – үйренген дағдылар мен білімді тәжірибеде қолдануды енгізу сатысы. 

"Оқу барысында еріктілер мен мамандар кез келген уақытта сұрақтар қойып, теориялық және практикалық дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктері болды", - дейді Жәнібек Солтанай. 

Шақырылған 975 еріктілер мен мамандардың 120-сы резидентура тыңдаушылары, 149-ы интерн, 221-і бакалавр студенті, 490-ы медицина мамандығында оқитын студенттер болып табылады. 
 
"Негізінен егу науқанына С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің резиденттері, интерндары мен студенттері жұмылдырылған, қалғандары Қазақстан-Ресей медициналық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультетінің және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің студенттері", - деді Жәнібек Солтанай. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу