2027 жылдың соңына дейін Алматыға 110 мыңға дейін турист тарту жоспарланып отыр

219

Қала халықаралық нарықтардағы ілгерілету жұмыстарын күшейтіп, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуде.  

2027 жылдың соңына дейін Алматыға 110 мыңға дейін турист тарту жоспарланып отыр Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматы қаласының Туризм басқармасы 2027 жылдың соңына дейін қалаға 110 мыңға дейін шетелдік турист тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы халықаралық туристік нарықтардағы ілгерілету жұмыстарын белсенді жүргізді. Соның ішінде Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен GITF-2026 халықаралық туристік көрмесіне қатысу маңызды қадамдардың бірі болды.

Көрме аясында ұйымдастырылған "Алматы қаласының туризм күні" шарасында шетелдік серіктестермен ынтымақтастық туралы 22 меморандумға қол қойылды. Келісімдер қаланы халықаралық деңгейде танытуға, туристік ағынды арттыруға және жаңа туристік өнімдерді дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар Алматы өкілдері Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея және Гонконгта өткен ірі туристік көрмелерге қатысты. Аталған іс-шаралар барысында шетелдік туроператорлармен, әуе компанияларымен, қонақүй желілерімен және салалық ұйымдармен жүздеген B2B-кездесу өткізілді.

Туризм басқармасының мәліметінше, атқарылып жатқан жұмыстар Алматының туристік әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге, жаңа серіктестіктер орнатуға және шетелдік қонақтар санын арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу