Алматы тұрғын үй кешендерінің бірінде 6 жасар бала шатырдан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Осыған қатысты бейне жазба желіде тарады. Онда куәгерлер баланың Алматыға Атыраудан келгенін айтуда.
Алматы полициясы қайғылы оқиғаның 30 қыркүйекте болғанын хабарлады.
"2017 жылы туған ұл баланың өлімі бойынша Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Жағдайлар анықталуда", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу