Алматы 78 жүргізуші өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

611

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.  

Алматы 78 жүргізуші өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Олардың бірі – А. есімді азамат, оны Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы ұстаған. Наркологиялық сараптама көрсеткендей, жүргізуші орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.

"Алғаш рет көлік жүргізу құқығымнан 2017 жылы айырылдым, рөлге мас күйде отырдым. Жаза мерзімі біткен жоқ, 2020 жылы тағы да мас күйінде ұсталдым. Сол кезде мен ҚР ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылдым және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылдым. Бірақ өткен күні мені тағы да тоқтатты, мен досыммен ішіп, үйге қайтқып келе жаттым. Бұл ісіме қатты өкінемін", – деп түсіндірді А. есімді азамат.

ПД Анықтау Басқармасының мәліметінше, бір жарым жыл ішінде бөлімше ҚР ҚК-нің 346-бабы 1 және 2-бөліктерінде көзделген қылмыс белгілері бойынша 66 қылмыстық істі тергеп, сотқа жолдаған.

"Соның салдарынан сот шешімімен 78 жүргізуші өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар оларға 1 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын өтеудің нақты мерзімі тағайындалды. Қазіргі таңда 8 қылмыстық іс сот тергеуінде тұрғанын хабарлаймын", – деді Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу