Алматы айналасына 28 сейсмикалық станция орнатылады

543

2021 жылдың қыркүйек айында Алматыдағы сейсмология институты ТЖМ қарамағына берілген болатын.  

Алматы айналасына 28 сейсмикалық станция орнатылады Фото: gov.kz

Қаланың айналасына сейсмикалық станция орнату туралы Мемлекет басшысы тапсырма берген. Бұл туралы Сенат отырысында ТЖМ басшысы Юрий Ильин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Институт түрлі құрылым қарамағында ұзақ болғандықтан қазіргі жағдайы бішама біршама аянышты. Қазір біз жағдайды теңестіруге тырысып жатырмыз. Жергілікті бюджет есебінен де, атап айтқанда, Алматы қаласы да, республикалық бюджет есебінен де қаржы бөлінеді. Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары барысында біз екі жылда қаланың айналасында қосымша 28 сейсмикалық станция орнатуымыз керек екенін айтты", - дейді Юрий Ильин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу