Алматы әкімдігі тауар бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдауда?

2023 жылдың тамызы мен 2024 жылдың шілдесі аралығында 2,5 мың тонна күріш жеткізуге келісімге қол қойылды.  

Алматы әкімдігі тауар бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылдауда? Фото: inbusiness.kz

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, биыл тамыз айында жылдық инфляция азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынын 11,3%-ға дейін төмендету есебінен 13,7%-ға дейін баяулады. 

Биыл 1 қыркүйектен бастап Алматы облысының шаруаларынан "форвардтық" сатып алу арқылы сатып алынған 20 мың тонна көкөністі, оның ішінде 2,2 мың тонна қырыққабатты сату басталды. 

2023 жылдың тамызы мен 2024 жылдың шілдесі аралығында 2,5 мың тонна күріш жеткізуге келісімге қол қойылды, Алматы облысының фермерлерінен қосымша 1 мың тонна күріш сатып алу пысықталып жатыр. 

Сауда желілеріне, сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге "айналым қаражаты" аясында қарыздар бөлінеді. ӘМАТ-қа 15% сауда үстемесінің сақталуы бойынша мониторинг жүргізіліп келеді.

Бағаның өсуін теңестіру мен тапшылықты болдырмау үшін 2023 жылдың соңына дейін тоннасына 90 мың теңге бағамен 10,3 мың тонна астық жеткізу үшін 460 млн теңге кейінге қалдырылған. 

"Көкөністерді жеткізудің қолданыстағы шарттарына қосымша қазан айында Түркістан облысынан қырыққабат, сонымен қатар, Қарағанды және Павлодар облыстарының фермерлерінен картоп пен сәбіз сатып алу пысықталады. Жамбыл облысының өндірушілерімен 1 мың тонна пияз жеткізу туралы меморандумға қол қойылды", - деді басқарма өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу