Алматы әкімдігі екі қызметкерді Дубайға жіберу үшін 51 млн теңге бөлген

846

Сенат төрағасының бюджет қаражатын үнемдеу туралы ескертуі Алматы жаққа әлі жетпесе керек, мегополис билігі бюджет ақшасын оңды-солды шашуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматы әкімдігі екі қызметкерді Дубайға жіберу үшін 51 млн теңге бөлген

Әкімдік екі қызметкерді Дубайға жіберу үшін 51 млн теңге бөлген. Туризм басқармасы 4 күндік көрмеге бола, алматылықтардың салығынан қыруар қаражат қарастырып отыр. 15 млн теңгесін Араб әмірліктеріне аударып та үлгерген. Басқарма өкілдері ақша Алматының туристік имиджін арттыру үшін жұмсалады дейді. 51 млн теңгеге стенд тұратын жерді жалдап, коммуналдық шығындарын өтейді.

Сонымен қатар, қонақтар дәм тататын ұлттық тағамдар сатып алынады. Көрме туралы фото және видеоматериалдар түсіріледі. Десе де, тапсырыс бір көзден алынып, тікелей келісімшарт жасалған. Бұған дейін сарапшы Дидар Смағұлов, "бір көзден алынған мемлекеттік тапсырыстың күмәнді" екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу