"Жазда лагерьге қатысты дау туды. Нәтижесінде білім басқармасы екі компаниямен келісімшартты бұзды. Соның салдарынан Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарынан 1250 бала демалыссыз қалды", - деді Ләззат Жылқыбаева.
Осыдан кейін шұғыл шаралар қабылданып, Жетісу ауданының балалары Қарасай ауданындағы "Арман дала" лагерінде, Медеу ауданының балалары "Off-line" демалыс лагеріне барып келген.
"Түрксіб ауданының балалары осы лагерьде екі маусым демалды. "Жанұя" мектеп-интернатының балалары қазір Талғар ауданындағы "Спутник" лагерінде демалып жатыр. Яғни, қалған балалардың жазғы демалысын толық қалпына келтірдік", - деді спикер.