Алматы әкімдігі фармацевтикалық компаниялармен меморандумға қол қойды

1003

Келісім шаһардағы дәрі-дәрмек мәселесін шешуге бағытталған.  

Алматы әкімдігі фармацевтикалық компаниялармен меморандумға қол қойды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Инстаграм желісіндегі ресми парақшасында фармацевтикалық компания өкілдерімен меморандумға қол қойылғанын мәлім етті.

"Мамандардың пікірінше, дәрі-дәрмек тапшылығы әлдебіреулер ұсынған дәрілермен емделуді жөн көрген тұрғындардың дүрлігуінен пайда болған. Термометрлердің де тапшылығы орын алды. Бір айға жетуі тиіс 30 мың градусник екі күннің ішінде сатылып, бітіп қалды. Баға да бірден шарықтаған", – деп жазды қала әкімі.

Оның жазбасында ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, сонымен бірге, мегаполистің дәріханалар желісі, дәрі жеткізушілер және медикаменттерді өндірушілерімен меморандумға қол қойылғаны айтылған. Осылайша, қала дәріханаларына әлеуметтік маңызы бар дәрілердің 41 түрінің жедел түрде жеткізіледі. Меморандумға Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, сонымен бірге, мегаполистің дәріханалар желісі, дәрі жеткізушілер және медикаменттерді өндірушілері қол қойды.

Меморандумға сәйкес, дәріханалар Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылдың 15 шілдедегі №ҚР ДСМ-104 бұйрығында белгіленген бағаларды ұстанулары керек. Сонымен бірге тапсырысты жеткізушілер, өндірушілер және қала дәріханалары жүйелі түрде дәріге деген дефицитті реттеу мақсатында Алматы қаласының әкімдігіне дәрілердің бар-жоқтығы, олардың бір күндегі сатылымы, сонымен бірге жақын арада жеткізілуі тиіс дәрілер туралы ақпарат беріп отырулары керек.

Бүгінгі таңда Меморандум аясында қала бойынша 102 ірі дәріхананың бары анықталды, оларға әлеуметтік маңызды дәрілердің 41 түрі жеткізіледі. Мұндай дәріханалар қаланың әрбір ауданында бар. Әрбір 41 препарат бойынша негізсіз дүрлігуді болдырмау мақсатында бір қолға сатуға рұқсат етілген мөлшері белгіленді.

Қалада қазір 240 000 қаптама "Парацетамол", 187 000 қаптама "Ибупрофен", 11 000 қорапша "Эффералган", 206 000 қаптама "Аспирин" бар. Жақын күндері аталған медикаменттер тағы да үлкен көлемде жеткізілмек.

Сонымен бірге, 29 маусымнан бастап термометрлердің алғашқы ірі партиясы келді. Оның ішінде  шаһардың ірі дәріхана желілеріне 30 000 қаптамасы жөнелтілді. Алдағы күндері қосымша 780 000 дана термометр келеді деп күтілуде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу