Алматы әкімдігі хабарламасын түзетті: Бетперде тағу міндетті емес

679

Өзгеріс ұсыныс түрінде енгізілген.

Алматы әкімдігі хабарламасын түзетті: Бетперде тағу міндетті емес

Бұған дейін қала басшылығы алматылықтар қайта бетперде тағу тәртібіне оралатынын мәлім еткен. Енді бұл шара міндетті емес екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қателік жіберілді, әзірге бетпердені тағу ұсыныстық сипатқа ие, бұл міндетті емес", – деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус ауруының көбеюін ескере отырып, Алматы әкімдігі келесі шектеулер енгізді:

- Науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтағы жұмыс түріне ауыстыру;
- Вакцинацияға абсолютті қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмысқа ауыстыру;
- Жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде міндетті түрде бетперде тағу;
- 10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматқа көшіру ұсынылады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу