Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының дерегінше ауа температурасы күндіз 0...-2, түнде -4...-6 градусқа дейін төмендеуіне байланысты кешке тұман күтіліп, жолдарда көктайғақ болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
“Көктайғақтың алдын алу мақсатында 204 құмшашқыш кезекшілігі ұйымдастырылады. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 624 бірлік арнайы техника мен 1538 жол жұмысшысы жұмылдырылады. Жолдарда мұз қатады деп болжануда. Сондықтан Тұрғын үй саясаты басқармасы автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды өтінеді”, – деп жазылған хабарламада.
Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, көліктер арасында қашықтықты сақтауға және маневр жасамауға кеңес береміз. “Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүргенде қауіпсіздік шараларын сақтаулары тиіс”, – деп ескертті басқарма.