Алматы әкімдігі қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен кәсіпкерлер үшін несиенің жаңа түрін енгізді

800

Ақша жылдық 2%-бен бір жыл мерзімге беріледі.

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғаларынан зардап шеккен кәсіпкерлер үшін несиенің жаңа түрін енгізді

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғаларынан кейін зардап шеккен кәсіпорындарды қолдау мақсатында зардап шеккен кәсіпкерлер үшін несиенің жаңа түрін енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қаржылық емес қолдау ретінде:
- қаржы институттары несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру; 
- ірі сауда объектілерінде жалға алуға жеңілдіктер;
- коммуналдық нысандарда жалға алу ақысы уақытша тоқтатылды;
- ALMATY Business-2025 қалалық бағдарламасы өзгертілді. 

"Қала билігі бизнесті қаржыландыруға да көмектеседі. Зардап шеккен кәсіпкерлер үшін несиенің жаңа түрі енгізілді. Ақша жылдық 2%-бен, 10 млн теңгеге дейін бір жыл мерзімге беріледі. Кепілсіз несиелеу бойынша мөлшерлеме екі жылға 6 млн теңгеге дейінгі сомамен 12%-дан 9%-ға дейін төмендетілді", – деп жазылған хабарламада. 

Almaty Finance және Almaty МҚҰ қарыз алушылары үшін қарызды өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру және айыппұлдардан 180 күнге дейін босату қарастырылған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу