Алматы әкімдігі компанияны рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушылар тізіміне енгізіп жіберген

1198

Алматы әкімдігі компанияны рұқсат құжаттары жоқ құрылыс салушылар тізіміне енгізіп жіберген

Белгілі болғандай, тізімдегі компаниялардың бірі "Баспана құрылысында үлескерлік қатысу туралы" заңға сәйкес келмейтін болып шыққан.

29 қыркүйекте Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы өзінің ресми сайтында үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат етілмейтін салынып жатқан нысандардың тізімін жариялап, кейін ол БАҚ-та таралып кеткен болатын. Алайда баспананы ықтимал сатып алушылар үшін тәуекелді тізімді жариялау барысында оған  "Mountin Drive" тұрғын үй кешені де абайсызда қосылып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.

"Баспана құрылысында үлескерлік қатысу туралы" заңға сәйкес, аталған заңның күші шағын қабатты құрылысқа әрекет етпейді. Шағын қабатты құрылыс салуға рұқсат алу кезінде үлескерлерден қаражат тарту талап етілмейді.

Әкімдік өз кезегінде компаниядан кешірім сұрап, рұқсат құжаты жоқ компаниялардың жаңартылған тізімін қайта ұсынған.

Олар:

1. "Alatau Golf Residences" ТК

2. "Braun" ТК

3. "Terra" ТК

4. "Moskva" ТК

5. "Акниет" ТК"

6. "Vostochka" ТК

7. "Айсулу" ТК

8. "Весновка"

9. "МБ 52"

10. "Уш Сункар"

11. "Central Avenue"

12. "Гульдер"

13. "Атамекен"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу