Алматы әкімдігі мектеп директорларын қайта даярлау бағдарламасын іске қоспақ

520

Жобаның басты мақсаты – білім сапасын арттыру. 

Алматы әкімдігі мектеп директорларын қайта даярлау бағдарламасын іске қоспақ

Алматы қаласының әкімдігі "Алматы мектебі" атты директорды кәсіби тұрғыдан қайта даярлау бағдарламасын іске қоспақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бағдарлама жаңа мазмұнға ие, оған қоса білім беру саясатын жобалау мен қалалық білім беру жүйесі менеджерлерінің басқарушылық білімі мен құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған", – деп хабарлады шаһар әкімдігі. 

Алматы қаласы Білім басқармасының ақпаратына сәйкес, 2022 жылдың ақпан айына дейін 50 білім беру ұйымының басшылық құрамынан 150 адам қайта даярлау бағдарламасынан өтеді. 

"Бағдарлама жетекші білім беру орталықтарымен бірлесіп жасалған. Оқытушылар мен әлемнің жетекші мамандарымен өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу және жаңа білім мен дағдыларға ие болу, білім беру сапасын халықаралық деңгейге көтеруге айтарлықтай әсер етеді", – деді қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева. 

Бағдарламаның оқытушылары білім беру саласындағы жетекші сарапшылар, соның ішінде ЭЫДҰ сарапшылары болып табылады. Жоба аяқталғаннан кейін қатысушылар бітіру жұмыстарын – Алматы қаласы Білім басқармасы мен "НЗМ" ДББҰ сарапшылар қоғамдастығы алдында қорғайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу