Алматы әкімдігі метроның жаңа бекеттері үшін тендер жариялады

95

Барлығы 3 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр.  

Алматы әкімдігі метроның жаңа бекеттері үшін тендер жариялады Фото: gov.kz

Алматы әкімдігінің Мемлекеттік активтер бойынша басқармасы "Қалқаманнан" Барлық базарына баратын метроның жаңа желісі үшін тендер жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік сатып алу сайтында жазылғандай, метро құрылысына қатысатын мердігерлер 9 маусымға дейін өтініш бере алады.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, Абай даңғылы бойымен Алатау даңғылына дейін, одан кейін солтүстікке қарай Райымбек даңғылына дейін, сосын батысқа қарай "Барлық" базарына дейін 3 бекет салынуы керек. Барлығы – бағаналы типтегі, аралдық платформасы бар, терең емес жер асты станциялары.

Сондай-ақ №3 бекетте Райымбек даңғылының астымен өтетін, екі шығысы бар жерасты өткелін жобалау қажет. Жаяу жүргіншілер тоннельдерінде қоғамдық дәретханалар мен банкоматтар орнатылатын орындар болуы тиіс. Қазақстандық өнімдерге басымдық бере отырып, отқа төзімді, санитарлық талаптарға сай материалдарды қолдану керек.

 Әр станция үшін кемінде 5 ракурстан тұратын егжей-тегжейлі 3D-модельдер жасалуы тиіс. Жобалау кезінде сейсмикаға қарсы арнайы нормативтік құжаттарды басшылыққа алуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу