Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елге оралған споршыны Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құттықтап, кездесу барысында қала басшылығы атынан 2,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификат табыстады.
"Мен қала әкімдігіне, алматылықтарға қолдау көрсеткені үшін өте ризамын. Бұл мені шабыттандырып, әрі қарай жетістікке жетуге күш береді. Бұл менің ғана емес, бүкіл елдің жеңісі, маған сеніп, осы жолда көмектескен көпшіліктің еңбегінің нәтижесі", - деді Михаил Шайдоров.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу