Бұл туралы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
"Жыл сайын бізде медициналық колледжді 15-16 студент бітіреді. Қазір диплом мен арнайы сертификат алдық. Бірақ білім алғанымызбен, бізді ешқайда қабылдамайды. Осыны ескеруіңізді өтінемін", – деді Наурызбай ауданының тұрғыны.
Бұл өтінішке Ерболат Досаев жауап берді.
"Бұған дейін жекеменшік колледждер біз бөлген грантқа да балаларды оқыта алмайтын. Маған бұл туралы хаттар келіп түсті. Осылай істейік, арнайы квота бөлуге тапсырма беремін. Әрбір емхана мен аурухананың өз квотасы бар. Биылғы және өткен жылдары бітірген мамандардың құжаттары бір апта ішінде жиналуы керек. Егер олардың сертификаттары болса, денсаулық сақтау мекемелеріндегі бос орындарға орналастырудың дұрыстығы бір ай ішінде қаралуға тиіс. Квота жыл сайын түлектердің санына қарай бөлінетін болады", – деді әкім.