Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға ұсынылмайтын 2 тұрғын үй кешенін хабарлады

576

Тиісті ақпаратты мегаполис әкімдігі таратты.  

Алматы әкімдігі пәтер сатып алуға ұсынылмайтын 2 тұрғын үй кешенін хабарлады Фото: novostroyki-almaty.kz

Оңтүстік астанадағы қала құрылысын бақылау басқармасы интернет-ресурстардың мониторингі барысында 2 көппәтерлі тұрғын үйлерде жылжымайтын мүлікті сату туралы хабарландыруларды анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

 

"Оның бірі – "Auezov Apartaments" тұрғын үй ке\шені. Мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 183/19. Тапсырыс беруші "Garant LTD Service" ЖШС. 2021 жылғы 30 сәуірде тапсырыс беруші тарапынан "Garant LTD Service" ЖШС жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңартуға және қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, қызмет көрсету объектілері бар әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын салуға хабарлама берді. Алайда, жылжымайтын мүлікті сату сайттарында көрсетілген мекенжай бойынша пәтерлердің жарнамасы орналастырылған, бұл қолда бар құжаттарға сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, екінші тұрғын үй кешеніне "Tole bi Residence" жатады.

"Мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Аносов көшесі, 103 "Б". Тапсырыс беруші "Adal Сity Stroy" ЖШС. Сайттарда ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 1-блок құрылысының 1-кезегі 2023 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі. Алайда, бүгінде жоғарыда аталған нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеген", - делінген ақпаратта.

Жергілікті атқарушы орган Алматы тұрғындарына жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан ТК-ны құжаттардың толық пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынады. Ол үшін қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Еске салайық, осыған дейін Қарағандыда заңсыз салынып жатқан үйлердің тізімі жарияланғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу