Алматы әкімдігі шетелдік блогерлерге 67 млн теңге төлемек

499

Шетелдік блогерлерді Қазақстанға шақыру бұған дейін де болған. 

Алматы әкімдігі шетелдік блогерлерге 67 млн теңге төлемек Фото: inbusiness.kz

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сүйенсек, қала әкімдігіне қарасты Туризм басқармасы туристік өнімді халықаралық туристік нарықта жылжыту, блогерлерге баспасөз турын ұйымдастыру үшін "Алматы туризм бюросы" ЖШС-мен келісім шарт жасасқан.

Техникалық сипаттамасында Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Израиль, Түркия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Испания және Қытайдан ұшып келетін блогерлердің жолына шамамен 70 миллион теңгеге жуық қаражы төленетіндігі көрсетілген.

Оларды 4-5 жұлдызды қонақүйлерге орналастырып, екі мезгіл тамақпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ музейлерге, Медеу мұз айдынына апарып, Көктөбе мен Шымбұлақты, Көк базарды көрсетпек.

Қосымша бонус ретінде блогерлерге ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сабағы өткізіліп, жолға шығар алдында естелік сыйлықтар беріледі.

Мысалы, 2021 жылы шетелдік 20 блогер Алматыға шақырылған. Сол кездегі сома – 28,5 миллион теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу