Алматы әкімдігі шетелдік журналистерге 35 миллион теңге жұмсайды

891

Әкімдік шетелдік блогерлер мен журналистер үшін баспасөз турын өткізбек. 

Алматы әкімдігі шетелдік журналистерге 35 миллион теңге жұмсайды

Алматы әкімдігі шетелдік блогерлер мен журналистер үшін баспасөз турын өткізу үшін 35 миллион теңгеден астам қаражат жұмсайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Осы мақсатта қалалық туризм басқармасы көктемде тендер өткізіп, онда Global Air туркомпаниясы жеңімпаз атанды.

Шенеуніктер шетелдік қонақтарға қала мен аймақтың басты көрікті жерлерін көрсеткісі келеді.

Баспасөз туры аясында мегаполиске шолу экскурсиясы, қазақ халық музыкалық аспаптарының мұражайына, 28 панфиловшылар атындағы саябаққа, КөкТөбе мен көк базарға, "Ғұн" этноауылына, Шарын шатқалына, "Алтынемел" ұлттық паркіне, Көлсай көлдеріне, "Медеу" мен "Шымбұлаққа" бару жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу