Алматы әкімдігі ШОБ-ты жалдау ақысынан жыл соңына дейін босатты

520

Жеңілдік жыл соңына дейін қарастырылған.

Алматы әкімдігі ШОБ-ты жалдау ақысынан жыл соңына дейін босатты

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы сөз қозғады. 

Оның айтуынша, Алматы қаласының әкімдігі биылғы жылдың 20 наурызы мен 19 маусымы аралығында шағын және орта бизнес өкілдеріне коммуналдық меншік нысандарындағы ғимараттарды жалға алудың 612 шарты бойынша жалдау төлемдерін есептеуді тоқтатқан. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша шағын орта бизнес үшін жалдау ақысын есептеуді 1 қыркүйектен бастап 2020 жылдың соңына дейін тоқтата тұру тапсырылды. Осыған байланысты 1 қыркүйектен бастап 2020 жылдың соңына дейін Алматы қаласы әкімдігінің ШОБ жалға алушыларымен 499 жалдау шарты бойынша төлемді тоқтатты. 18 қыркүйектегі жағдай бойынша, жалдау төлемдері бойынша 420 өтінім беріліп, барлығы өңделді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу